«Қазақстанның діни әр алуандылығы» атты дөңгелек үстел өтті
«Қазақстанның діни әр алуандылығы» атты дөңгелек үстел өтті
10 жыл бұрын 3348 din.astana.kz

Рухани келісім күніне орай, Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Жорабек Әбдімажитұлы Дәуреновтің төрағалығымен «Қазақстанның діни әр алуандылығы» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел мақсаты - Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту және дамыту жолдарын қарастыру.

Іс-шараға, мемлекеттік мекемелер, діни бірлестіктер мен этно-мәдени орталықтардың, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Америка Құрама Штаттарының Елшілігі, ҚР МСМ ДІК Ғылыми-зерттеу және талдау орталығы, Қазақстан Республикасы Бірінші Президентінің Музейі, С. Сейфуллин ат. Агротехникалық университеті, БАҚ өкілдері, дінтанушылар қатысты.

Дөңгелек үстел барысында, қатысушылар еліміздегі көптеген этностар мен діни конфессиялардың қақтығысқа түспей, бейбіт өмір сүруі мен оның Астана қаласындағы көрінісін талқылады. Сонымен қатар, қаламыздағы діни бірлестіктер мен этномәдени орталықтардың осы бағытта қосар үлесі мен ізгі істері сараланып, қаламыздағы рухани тұрақтылық пен келісімнің болашақтағы даму мүмкіндіктері мен жолдарын қарастырды.

0 пікір
Мұрағат