Қазақстаннан Ауғанстанға жүйелі түрде көлік қатынайды
Қазақстаннан Ауғанстанға жүйелі түрде көлік қатынайды
7 жыл бұрын 2508 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бұл жайында Қазақстан Республикасының инвестиция және даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті мәлім етті. "Ауғанстанның премьер-министрі Абдулла Абдулланың Қазақстанға ресми сапары аясында екі елдің авиация саласы басшылары екі мемлекеттің арасында ұдайы ұшуды жүзеге асырудың құқықтық негізін құрайтын келісімге қол қойды",- деп айтылған аталмыш комитеттің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында. Айта кетейік, осы уақытқа дейін ауғандардың "Кам Эйр" әуе компаниясы "Алматы-Кабул" бағыты бойынша чартерлік ұшуды орындап келген болатын. Ендігі жерде бұл келісімге сәйкес ұдайы жүзеге асырылады. 

0 пікір
Мұрағат