Қазақстанға ең көп инвестиция құятын қай елдер?
Қазақстанға ең көп инвестиция құятын қай елдер?
5 ай бұрын 517

Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді, — деп хабарлайды Үкімет баспасөз қызметі. Бұл жайында arhar.kz ақпарат көзі хабар  таратты. 

Ерлан Көшербаевтың айтуынша, Қазақстан Орталық Азияда тартылатын тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша көш басында. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикасына 320 ммиллиард доллардан аса тікелей шетелдік инвестициялар тартылған. 2018 жылы өткен жылдармен салыстырғанда, инвестициялардың жалпы ағымы 15,8 пайызға артып, 24,3 миллиард доллар болды.

ҚР СІМ инвестициялар комитетінің төрағасы Бақыт Батырашевтің мәліметінше, 2018 жылдың қорытындысы бойынша негізгі инвесторлар келесі елдер болып қалып отыр:

Нидерланды — 7,3 миллиард доллар;

АҚШ — 5,3 миллиард доллар;

Швейцария — 2,5 миллиард доллар;

Ресей — 1,5 миллиард доллар;

Қытай — 1,5 миллиард доллар;

Бельгия — 1,0 миллиард доллар;

Франция — 0,9 миллиард долллар;

Ұлыбритания — 0,6 миллиард доллар;

Корея — 0,5 миллиард доллар. 

0 пікір
Мұрағат