Қазақстандықтарға бір-бірінің салығын төлеуге рұқсат беруі мүмкін
Қазақстандықтарға бір-бірінің салығын төлеуге рұқсат беруі мүмкін
4 жыл бұрын 1555 7kun.kz Гүлдана Қазтай

Қазақстанда жеке тұлғаларға басқа жеке тұлға үшін салық пен міндеттемелерді ерікті түрде төлеуге рұқсат беретін норма пайда болуы мүмкін. Мұндай түзету Ұлттық экономика министрлігінің талқылауына шығарылған құжатта қарастырылған.

«Салықтарды, бюджетке төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін, сондай-ақ өсімақылар мен айыппұлдарды төлеу бойынша міндеттемені жеке тұлға өз еркімен басқа жеке тұлға үшін 200 АЕК-тен кем мөлшерде орындауы мүмкін», — делінген заң мәтінінде.

ҰЭМ-де атап өткендей, бұл салық төлеудің электронды тәсілдерін кеңейту және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үлесін арттыру үшін қажет болды.

Қазір банк жүйесінде осы құралды іске асыруға мүмкіндік беретін нормативтік базаның жоқтығынан екінші деңгейдегі банктердің электрондық сервистері (интернет-банкинг, банкоматтар, терминалдар) арқылы салықтарды төлеу кезінде проблема бар.

Осы уақытқа дейін бір жеке тұлғаның банктік картасынан басқа жеке тұлға үшін салықтарды төлеу кезінде ақша, тіпті, төлеу кезінде басқа жеке тұлғаның деректемелері көрсетілсе де, банк картасын ұстаушыға аударылады, бұл салық төлеушілерге мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсетпеуге әкеледі.

«Ұсынылған түзету банк картасы иесінің міндеттемесін алып тастайды және төлем жасалған жеке тұлғаның ЖСН-ге ақша аударымын жүргізеді және сәйкесінше салық төлеушілерге мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл норма салық берешегін немесе жақын туыстарының салық міндеттемелерін банктердің электрондық сервистері, «электрондық үкімет» порталы арқылы өтеуге мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді министрлікте.

0 пікір
Мұрағат