Қазақстандықтардың ұлтын өзгертуге бір рет мүмкіндігі бар
Қазақстандықтардың ұлтын өзгертуге бір рет мүмкіндігі бар
9 жыл бұрын 4043

Қазақстандықтардың ұлтын өмірінде бір рет өзгертуге мүмкіндігі бар. Бұл жайында  Алматы арнасы хабар таратты.

Бала дүниеге келгенде куәлігін ата-анасының ұлтына қарай алатындығы белгілі. Дегенмен кейбір жағдайда бала өзі шешім қабылдауына болады.

ІІМ мәлімдеуінше, егер әкесі мен анасы екі ұлттың өкілі болса, балаға өзіне ұнаған екі ұлттың бірін таңдау мүмкіндігі туады.

"Адам өз ұлтын өзгерткісі келсе халықтық тіркеуден ұлтын өзгерту туралы анықтама алады. Онда оның қай елді-мекеннің азаматы екендігі жазылады. Сондай-ақ құжатта азаматтың екі ұлттың қайсысын ала алатындығы да көрсетіледі", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметі бойынша, елімізде 2013 жылы 1496 адам өзінің ұлтын ауыстырды. Ал 2014 жылы – 1736 азамат, жыл басынан бері 162 қазақстандық өз ұлтын өзгерткен.

0 пікір
Мұрағат