Қазақстандықтардың Түркияда визасыз жүру мерзімі ұзартылды
Қазақстандықтардың Түркияда визасыз жүру мерзімі ұзартылды
5 жыл бұрын 2050 baq.kz

Енді қазақстандықтар Түркияда 90 күн бойы визасыз жүре алады. Бұл туралы «Хабар 24» арнасы хабарлады. 

Түркия президентінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, визасыз режимнің уақыты ұзартылды. Бұған дейін Қазақстан азаматтары Түркияда 30 күнге дейін визасыз қала алатын.

Жаңартылған тізімге Өзбекстан мен Тәжікстан да қосылды.

Қазақстан азаматтары әлемнің 29 еліне визасыз кіре алады. 2018 жылдың ақпанында белгілі болғандай, Израиль, Тайланд, Фиджи, Макао сынды елдерге визасыз режим орнату туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Қазақстан тарапы Куба парламенті шешімін де күтіп отыр. Ол жақ аралға да визасыз кіруге рұқсат беру жағын қарастыруда.

0 пікір
Мұрағат