Қазақстандықтар 42 500 теңгені 3 жолмен ала алады. Студенттер 42 500 теңге жәрдемақы ала ма?
Қазақстандықтар 42 500 теңгені 3 жолмен ала алады. Студенттер 42 500 теңге жәрдемақы ала ма?
4 жыл бұрын 3353 Дәурен Ерболат, Рахила Тлеуова

Төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтарға тағайындалған 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны қазақстандықтар 3 жолмен алуға мүмкіндігі бар. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біріншісі, еgov.kz порталы. Онда төтенше жағдай байлынысты 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы деген қызмет бар. Екіншісі, 42 500.enbek.kz сайты. Үшіншісі, Telegram-бот. Ол 17 өңірге бөлінген. Осы өңірлік боттар арқылы жәрдемақы алуға өтініш беруге болады. Тұрғын осы ботқа электронды цифрлық қолтаңбасыз, құжаттарды сканерлемей, бланкісіз кіреді алады. Тек бірнеше ақпаратты енгізіп, өтініш беруге мүмкіндігі бар", - дейді Нариман Мұқышев Tengrinews.kz тілшісіне Instagram желісі арқылы онлайн эфирде берген сұхбатында.

Оның айтуынша, қазақстандық өтініш берген соң, ол бірнеше күн қаралады.

"Кейін азаматқа не SMS, не еgov.kz порталындағы жеке кабинетіне жәрдамақыны алатыны-алмайтыны жөнінде хабарлама келеді", - деді вице-министр.

Студенттер 42 500 теңге жәрдемақы ала ма? 

Жұмыс істеген не жұмыссыз болған студент 42 500 теңге жәрдемақы алуға өтініш бере алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев Tengrinews.kz тілшісіне Instagram желісінде берген онлайн сұхбатында айтты. 

"Бұл студент не студент емес екеніне байланысты емес. Егер студент жұмыс істеп, ресми түрде зейнетақы төлемін жүргізген болса, ала алады. Студент азаматтық-құқықтық шарт бойынша жұмыс істеген болса да, алады. Егер студент ресми түрде жұмыс істемесе, ешқандай төлемақы жүргізбеген болса, онда бірыңғай жиынтық төлем (ЕСП - авт.) форматы арқылы ол да осы жәрдемақыға үміткер бола алады", - деп түсіндірді вице-министр.

0 пікір
Мұрағат