Қазақстандық зілтемірші әлем чемпионатында алтын алды
Қазақстандық зілтемірші әлем чемпионатында алтын алды
1 жыл бұрын 1225 24.kz sports.kz

Жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында 75 кг жоғары салмақ дәрежесінде қазақстандық зілтемірші Надежда Ногай әлем чемпионы атанды. Екі жаттығудың жалпы есебі бойынша ол 275 кг-ны еңсеріп, алға шықты. Ал екінші орынды Таиландтың намысын қорғаған Дуангансорн Чаиди алса, үшінші орынды тунистік Йосра Диб місе тұтты, деп жазады sports.kz.  

Ауыр атлетика. Жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионаты (Әйелдер). Вроцлав (Польша) +75 кг салмақ дәрежесі. 

1. Надежда Ногай (Қазақстан) — 275 (125+150)

2. Дуанганксорн Чаиди (Таиланд) — 259 (113+146)

3. Йосра Диб (Тунис) — 251 (111+140)

0 пікір