Қазақстандық азамат электронды жайнамаз ойлап тапты
Қазақстандық азамат электронды жайнамаз ойлап тапты
10 жыл бұрын 12678 sunna.kz/

Дәстүрлі Ислам құндылықтарын заманауи технологиялардың көмегімен насихаттау - бүгінгі күнгі заман талабы. Қазақстандық Алханбай Сатыбалдыұлы бес уақыт намаз бен үтір намазының оқылуын тәртібімен үйрететін «Электронды жайнамаз» ойлап тапты.

Арнаулы құрылғы орнатылған жайнамаздың көмегімен намаз оқуға ниетті жандар дұрыс намаз оқу тәртібін үйрене алады. Ең бастысы, жаңадан намаз бастаған намазхандар құрылғыға ілесіп оқу арқылы намаз рукіндерін мұқият орындап үйренбек.  Ұзындығы 140 см-ге шақталған электронды жайнамаз зағип жандар үшін тіптен тиімді.

Алханбай мырза «Электронды жайнамазды» Қазақстандағы ішкі нарыққа шығарумен қатар, мүмкіндігінше әлемдегі мұсылман елдердің нарығына шығаруды да көздеп отыр. Асыл ұлттық құндылықтар мен технология мүмкіндіктері пайдаланып дінімізді насихаттайтын отандық өнім ұлттық экономикамызды дамытудың аса қуатты мүмкіндігі болмақ.

7 пікір
Мұрағат