Қазақстанды тастап кеткен тұрғындар саны анықталды
Қазақстанды тастап кеткен тұрғындар саны анықталды
2 жыл бұрын 1087 nur.kz

Ұлттық экономика министрлігі елімізден көшіп кеткен адамдар санын жариялады. Бұл туралы Abai.kz сайты хабарлайды.

Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы Әлихан Смайыловтың айтуына сенсек, 2014 жылдың қаңтары мен қыркүйегінің арасында 21 мыңнан астам адам елді тастап кеткен.

Олардың 19149-ы ТМД елдеріне, ал 2142-і алыс шетелге қоныс аударған. Шетелге кеткен 21291 адамның 652-і - қазақ, 14168-і - орыс, 6471-і - өзге этноc өкілдері. Яғни шетелге ауа көшкендердің арасындағы қазақ ұлты өкілдерінің саны 3 пайыздан аспайды.

Тоғыз айдың ішінде елге 12264 адам көшіп келген. Олардың 10736-ы ТМД елдерінен, қалған 1528-і шетелден. Яғни елден кетушілердің саны, елге келушілердің санынан 9127 адамға артық.

Миграциялық сальдо ойсырап жатыр. Елге келген 12264 адамның 40 пайызы қазақтар, яғни - 4684 адам. Осы 12264 елге келген адамның 17 пайызы орыс, яғни - 2067 адам.

0 пікір