Қазақстанды қай елдер киіндіреді? (инфографика)
Қазақстанды қай елдер киіндіреді? (инфографика)
7 жыл бұрын 4131 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жарты жылдың ішінде елімізге 144,3 млн доллардың киім-кешегі келіпті. Сырттан. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы уақыт аралығына қарағанда 0,7%-ға кем түскен. Мұны жақсылыққа балау керек пе, жоқ па, ол жағы белгісіз. Сырттан келетін киім осынша пайызға азайса, отандық өнім өте бастаған екен деп, бір жақты топшылайтындар бар. Негізінде олай емес, бұған елдер арасындағы сауда айналымының төмен түсуі себеп болуы әбден мүмкін. Аяқ киім импорты екі есе өсіп, 108 млн долларға артқан. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда. Бұл жайында Finprom ақпарат көзі хабар таратты. Ал әйелдер киімінің импорты ерлерге арналған киімдерге қарағанда бағасы жағынан 26%-ға қымбат болып шықты. Нақтырақ айтқанда, елімізге сырттан келетін киім-кешектің 80 пайызы мына елдерге тиесілі: Түркия, Қытай, Бангладеш, Италия және Өзбекстан. Түркі киімдерінің мипорты 28 пайызға кеміп, 37,2 млн долларды құраған. Ал қытайдан тасымалданатын киім 33 млн долларды құрап, 9 пайызға артқан. Бангладештен келетін киім импорты 45 пайызға жетіп, 22 млн долларды құраған. Ал италиялық киім импорты 23 пайызға артып, 10,8 млн долларға жеткен. Мына тұрған Өзбекстаннан келетін киім импорты 13 пайызға азайған екен. Айта кетейік, әйелдер киімі негізінен Түркия мен қытайдан импортталады. Ал ерлердікі - Бангладештен. Балалар киімінің импортының 40%-ы Бангладешке тиесілі. 10% — Қытай. Тағы бір айта кететін жайт, Қазақстанның киім импорты ішкі киім өндірісінен үш есе көп. 

0 пікір
Мұрағат