Қазақстанда тіс дәрігерлерінің қызметі арзандайды
Қазақстанда тіс дәрігерлерінің қызметі арзандайды
7 жыл бұрын 4574 egemen.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2017 жылы кепілдендірілген тегін медициналық көмекке енгізілмей қалған кей қызмет түрлерінің бағасын реттеуге бағытталған заң жобасын дайындайды.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың пікірінше, аталған қызметтердің ішіне тіс дәрігерінің қызметі де енгізілмек. Министр бұндай қадамның медициналық қызметтерді арзандату мақсатында қолға алынып отырғанын айтты.

«Мемлекет басшысы бізге кепілдендірілген тегін медициналық көмекке кірмейтін қызметтердің бағасын реттеу туралы нормативті база дайындауды тапсырды. Ондағы мақсат медициналық бұйымдар мен қызметтердің қолжетімділігін арттыру. Біз енді осы мәселені бизнес өкілдерімен талқылауымыз керек», — деді министр.

Оның айтуынша, дәрігерлердің жеке кәсіпкерлікпен айналысуына да рұқсат берілмек.

«Өткен жылы біз мұндай тәжірибені бастап қойдық. Бастаманың аясында дәрігерлер заңды тұлға ретінде тіркеліп, емхана қызметін атқара береді. Мүмкін, уақыт өте келе оларды жеке кәсіпкер ретінде тіркейтін боламыз. Оларға шамамен 2000 адамнан бекітіліп беріледі. Кісі басына 1024 теңгеден төленеді. Бұл өз кезегінде емханалардағы кезектің санын азайтуға да түрткі болар еді», — деді министр.

0 пікір
Мұрағат