Қазақстанда тегін дәрілер саны артты
Қазақстанда тегін дәрілер саны артты
7 жыл бұрын 3242 tengrinews.kz

Халықты тегін қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың тізбесі 59 жаңа дәрілік атаумен толықтырылды. ҚР Денсаулық министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті бұл жайында.  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен  қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен, оның ішінде белгілі  бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарына арналған дәрілік заттардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы" бұйрықты бекітті. Бұйрық 2018 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді. Жаңа бұйрықта амбулаториялық деңгейде тегін қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың тізбесі бекітілді. Тізбеде 48 ауру, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар аурулар: артериалдық гипертензия,  асқазанның ойық жарасы, тыныс демікпесі,  қатерлі ісік аурулары, туберкулез, гематологиялық аурулар, гемобластоздар, аплазиялық анемия, балалардың церебралдық сал ауруы, псиxикалық аурулар, АИТВ инфекциясы және т.б. Сондай-ақ, тізбе ауыр ауру ағымымен сипатталатын Бехтерев ауруымен толықтырылды. Дәрілердің жаңа тізбесі тиімділігі дәлелденген 59 жаңа дәрімен толықтырылған 256 дәрілік заттардан, оның ішінде 385 дәрілік түрлерінен тұрады. Алдағы уақытта 2 млн-нан астам диспансерлік ауруды қамту көзделуде. "Енгізілген өзгерістер мүгедектік деңгейін, әлеуметтік маңызы бар аурулардан өлім-жітімнің көрсеткіштерін төмендетуге бағытталған" - деп атап өтті ведомство өкілдері.

0 пікір
Мұрағат