Қазақстанда тағы бір ислами банк пайда болды
Қазақстанда тағы бір ислами банк пайда болды
7 жыл бұрын 3118 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қазақстан республикасы Ұлттық банк төрағасының орынбасарының 2017 жылдың тамыз айының 17-і күнгі № 298 бұйрығына сәйкес «Заман — Банк» ислам банкіне" банктік және өзге де ислами банк операцияларын жүргізуге лицензия берілді. Осыдан үш жыл бұрын аталмыш ислами қаржы мекемесін ашу турасында мәселе көтерілген болатын. Алайда, сол кезде дәстүрлі банкті ислами қаржы мекемесіне айналдыру процедурасы анықталмаған болатын. 2015 жылдың қараша айында "Банктер мен банк қызметі туралы" ҚР заңына тиісті өзгертулер енгізілген болатын. Бұл заңда конвертациялау процесінің барысы баяндалған. Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін елімізде тек бір ғана ислами қаржы мекемесі Al Hilal Bank жұмыс істеп келген еді. Аталған ислами банк 2010 жылы ашылған болатын. Десе де енді ашылып отырған ислами қаржы мекемесі Al Hilal Bank-пен бәсекелеспейді. 

0 пікір
Мұрағат