ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі сүндетке отырғызу рәсімін тегін өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат көзі.
Қазақстанда сүндетке отырғызу тегін болуы мүмкін
|
Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлімдеді.
"Тегін медициналық қызмет арқылы сүндетке отырғызу рәсімін орындау тәртібін енгізуді талқылап отырмыз. Бұл біздің бастамамыз және енді ғана көтеріліп отыр. Мұны келеңсіз зардаптардан құтылу үшін ұсындық. Біздің заңнамада сүндетке отырғызу туралы нақты бір норма жоқ. Бұл тек дінге қатысты болмауы керек, сонымен бірге, медициналық мекемелер мен білікті дәрігерлердің сүндетке отырғызу рәсімін өткізгенін қолдаймыз», - деді ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз-мәслихатында.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Түріктердің алғашқы отандық KTJ-3200 турбореактивті Atmaca зымыраны сынақтан сәтті өтті
■
CerebraAI стартапы Сауд Арабиясында $150K Community LEAP сыйлығын жеңіп алды
■
Сауд Арабиясының 200 мектебі қазақстандық CodiPlay технологиясын қолданатын болады
■
Араб ғалымдары ауадан су алудың әдісін тапты
■
Саудияда әлемде теңдесі мен ұқсасы жоқ сәулетті тұрғын үй бой көтереді (видео+фото)