Қазақстанда смартфонмен басқарылатын автокөліктер шығарылады
Қазақстанда смартфонмен басқарылатын автокөліктер шығарылады
7 жыл бұрын 3018 inform.kz

Биыл «Азия Авто» зауыты смартфонмен басқаруға болатын автокөліктер шығаруды жоспарлап отыр.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «ҚазАвтоПром» Қазақстан автомобиль саласының кәсіпорындары одағының басқарма төрағасы Олег Алферов мәлім етті.

«Отандық автоөндірушілер енгізіп жатқан технологиялық шешімдердің бір бөлігі ретінде алғашқы  тоқсанда «connected car», яғни «іске қосылған автомобиль» жобасы бойынша жұмыстарды бастаған «Азия Авто» зауытын ерекше атап өтуге болады. «Сonnected car»технологиялары – болашақ көлік жүйесінің дамуындағы негізгі бағыттардың бірі. Міне, жақын арада Өскемен зауытынан шыққан автомобиль иелері смартфондағы қосымша арқылы өз көліктерін басқара алады», – деді Олег Алферов.

Оның айтуынша, Өскеменде құрастырылатын әр автомобильге орнатылатын телематикалық жүйелер автокөліктің техникалық жағдайын жеке смартфон арқылы қашықтықтан бақылауға, қозғалтқышты іске қосуға және тоқтатуға, жүксалғышты ашуға, жылдамдықты, температураны қадағалауға мүмкіндік береді. Барлық жаңалықтар жуырда қолжетімді болады.

Қазақтар отандық автокөліктерге міне бастады

2017 жылы Қазақстанда құрастырылған автомобильдердің сатылымы өсті. 

Егер осыдан бір жыл бұрын тұтынушылардың 19%-ы ғана қазақстандық автозауыттардың машинасын сатып алса, бүгінде елімізде сатылып алынатын әрбір үшінші көлік қазақстандық болып табылады. Бұл туралы «ҚазАвтоӨндіріс» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағының басқарма төрағасы Олег Алферов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында хабарлады. 

2016 жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда ағымдағы жылы қазақстандық құрастырудағы автомобильдердің сатылымы жиырма бес пайызға өсті.

«Жыл басынан бері елімізде автомобиль өндірісі үш ай бойы өсіп келеді. Сатылым өсімі екі тоқсан қатарынан байқалады. Шетелдік көліктерге деген сұраныс пен олардың сатылымы қазақстандық нарықта тоқсанның қорытындысы бойынша 28%-ға қысқарды», – деді Л. Алферов.

Сонымен, өткен жылы қазақстандық зауыттар шығаратын автокөліктердің түрлерін көбейту бойынша жұмыстарын жалғастырды.

«Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша  елімізде ағымдағы жылдың қаңтар мен наурыз айлары аралығында  16,4 млрд.теңге сомаға автокөлік құралдардың 3 405 бірлігі шығарылды. Осылайша, отандық автоөндірушілердің шығарылым көлемі өткен жылғы көрсеткішті 4 есеге арттырды», – деді «ҚазАвтоӨндіріс» одағының басқарма төрағасы.

Оның мәліметінше, жеңіл автомобильдерді шығару көлемі 3095 бірлік белгісіне жетіп, 7 еседен аса өсті.

0 пікір
Мұрағат