Қазақстанда қыз алып қашқандар қалай жазаланады?
Қазақстанда қыз алып қашқандар қалай жазаланады?
9 жыл бұрын 4799

Елімізде әлі күнге дейін қыз алып қашу процесі тоқтар емес. Басып алып қашатындарға да жаза күшейтілген. Айқын басылымы қыз алып қашуға не түрткі, алып қашқандардың жазасы қандай болмақ деген сауалға жауап беруге тырысты.

Бүгінгі таңдағы қыз алып қашып үйлену деген ғұрып қалай пайда болды? Және де оның заңы бар ма? Ендеше, бұл сауалдардың аражігін ажыратып, “иә” мен “жоқты” таразыға салып қарастырақ.

Қыз алып қашу, заманы мен адамына қарамастан, іске асуын тоқтатар емес. Әсіресе, Қазақстанның оңтүстік облыстары отбасы болудың осын-дай үлгісіне құштар-ақ.
Ел арасындағы қыз алып қашып сотталыпты деген бірлі-жарым қауесет болмаса, бұл тәсілге жүгініп үйленгендердің 90 пайызы өзгеге үлгі боларлықтай ғұмыр кешуде. Көп жағдайда, алып қашып үйлену екі тараптың да алдын ала келісімімен өрбиді. Ал енді әлгі алып қашудан кейін отаспай қалған 10 пайыз дәл осы дала заңын өз икеміне ауыстырып, яғни жігіт тарапы ұнатқан қызын оның келісіміне жүгінбей алып қашудан пайда болады.
Күйеубала және оның бірге алып қашқан достары сотталып кетудің сәл-ақ алдында тұрса, қыз байғұсқа “байдан қайтты” деген жаман ат жабысатыны тағы бар
Нағыз зорлап алып қашу, дәстүріңді тұрпайы етіп көрсету, міне, осы жерде айқын белең алады. Мұндай жағдайда үйге түскен келін алдында жатқан он кемпірді аттап, ақ орамалыңды таптап кетіп, сотқа беруден еш тайынбайды. Келген қуғыншыға ере кетіп, арты екі жақ та әбігерге түседі. Күйеубала және оның бірге алып қашқан достары сотталып кетудің сәл-ақ алдында тұрса, қыз байғұсқа “байдан қайтты” деген жаман ат жабысатыны тағы бар. Намыстан булыққан кейбіреулері ата-анасы жаман атты болмас үшін қалып та жатады.
Әлеуметтік желіде “қыз алып қашу қажет пе, жоқ па?” деген сауалнама жүргізілді. 75 пайызы қыз алып қашуға “түбегейлі қарсымын” деп жауап берді. Ал 25 пайызы “қыздың келісімімен алып қаша беруге болады” деп шешті. Ал егер қыз келіспесе, алып қашқан тірліктері қылмыс болып есептеледі. Сауалнамаға қатысушылардың барлығы шектен шыққандарды жазалауды құп көретіндерін білдірді.
Достарыңмен топтасып қызды құрықтасаң, жазаң 10 жылдан 15 жылға дейін созылатыны заңда тайға таңба басқандай етіп көрініп тұр. Тереңінен үңілсең, үрей туғызатын баптар.
Ал басып алып қашқандарға заң не дейді деген сауалаға келсек, жәбірленуші жақ сотқа берсе адамның еркіне, таңдауына шектеу қойып, біреумен отасуға мәжбүрлеу заңмен қудаланатыны айқын. Қылмыстық кодекстің 125-бабында көрсетілгендей, “Адам ұрлау” фактісімен қолға тү-скен жан төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін. Достарыңмен топтасып қызды құрықтасаң, жазаң 10 жылдан 15 жылға дейін созылатыны заңда тайға таңба басқандай етіп көрініп тұр. Тереңінен үңілсең, үрей туғызатын баптар.
Қызды ұзатып алу үрдісі тұрғанда, неге қыз алып қашуға бәрі құмар-ақ, дегенке келсек, жауап – ұзатып алу қымбатқа түседі. Себебі ұзынсонар, қып-қызыл шығынды талап ететiн дәстүрді айналып өтудің ең бір оңай жолы сол алып қашуға итермелейді.
Мәселені түйіндей келе, неге қазаққа қыз ұзатудың ортақ бір кодексін жасамасқа?
“Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа” демекші, “менің жоралғым дұрыс еді” деп ешкім таласпас та еді. Белгіленген мөлшер-де ғана шығын шығып, бастысы, жастардың үй болып кетуіне жағдай туындар еді. Мәселен, оқыған қыздың қалың малы, дипломының қызыл-көгіне қарамай, 100 мыңнан 200 мыңға деп нақты бағаланса.
Ана сүті деп бір қой немесе бір ірі қара. Сосын әкесіне, бауырларына тиесілі сый-сияпат жасалынып, қыз жағы бойжеткенін ұзатса, ұл жағы тойын жасап думандатсын. Жеті- жеті, тоғыз-тоғыз деген дәстүр де мұн-дайда сөз болмас еді. Қызыңа жасау әзірлеу, тағысы тағы әр отбасының өз жағдайына байланысты атқарыла береді. Бір тудың астында, бір елде, бір принциппен өмір сүріп жатқандықтан, ешбір жан мұндайға қарсы шықпас. Есесіне, жабайы түрдегі қыз алып қашу өздігінен тоқтатылар еді.

1 пікір
  • Қыз алып қашу бұл қорқаулардың ісі. Санасыз әрекет,- деп қатты болса да айтуыма тура келеді. Таңым бар осындайларға, біреудің қызын алып қашқанда батыр, ал өз қарындасын (қызын) біреулер алып қашса "қырам-жоям"-ға басады. Сондықтан "ЭКРАНДЫ" түзеу керек,
    9 жыл бұрын
Мұрағат