Қазақстанда қылмыстық кодекстің жаңа нұсқасы қабылданды
Қазақстанда қылмыстық кодекстің жаңа нұсқасы қабылданды
10 жыл бұрын 3695

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев заңнамалық актілерді жаңа қылмыстық кодекске сәйкестендіруге бағытталған «Қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Аталмыш заң қылмыс түрлеріне қарсы тұру әрі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Осынау заңда экстремизм мен терроризмге қатысты жаза күшейтілді. Сондай-ақ, радикалды идеологияны насихаттаған тұлғалар мен тұрғындарға да жаза күшейтілген. Кәсіби әрі ұйымдасқан қылмысқа қатысты жаңа нормалар енгізілген. Соның ішінде, ақпараттық технология мен медицина саласындағы қылмыстарға тойтарыс беру қарастырылған.

0 пікір
Мұрағат