Қазақстанда жаңа Бас прокурор тағайындалды
Қазақстанда жаңа Бас прокурор тағайындалды
6 жыл бұрын 2594

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор қызметіне Қайрат Қожамжаровтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат көзі Ақорданың Twitter парақшасына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы бұған дейін Бас прокурор қызметін атқарып келген Жақып Асановтың кандидатурасын Жоғары сот төрағасы қызметіне ұсынды.

Жақып Асанов Қазақстан Республикасының Бас прокуроры қызметіне 2016 жылдың 26 сәуір айында тағайындалған болатын.

Ал Қайрат Қожамжаров ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы қызметін өткен жылдың 13 қыркүйегінен бері атқарып келді. 

 

Парламент Сенаты Жоғарғы Сот төрағасы лауазымына ұсынылған Асанов Жақып Қажманұлының кандидатурасын қолдады.

0 пікір
Мұрағат