Қазақстанда дәрігерге бару 15 пайызға қымбаттаған
Қазақстанда дәрігерге бару 15 пайызға қымбаттаған
7 жыл бұрын 2774 7kun.kz Аян Қалмұрат

Алматы, Астана және Атырау дәрігердің қабылдауында болу ең қымбатқа түсетін қалалар ретінде тіркелді. Бұл туралы Energyprom агенттігі хабарлады.

2016 жылдың үшінші тоқсанында денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет-көрсету ұйымдары қазақстандықтарға құны 259 млрд теңгені құрайтын қызмет көрсеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,8 пайызға көп.  

Денсаулық сақтау саласындағы ақылы қызметтерден түскен табыстың көбі (55,5%) ауруханалар есебінен келген — 136,1 млрд теңге. Оның 26,6% хирургия бөлімшелерінен түссе (36,2 млрд теңге), тағы 10,6%-ы  — ауруханалар мен перзентханалардағы гинекологиялық бөлімшелерден (14,5 млрд теңге) алынған.

0 пікір
Мұрағат