Қазақстанда әскерге шақырылғандардың 20%-дан астамы жарамсыз болып шыққан
Қазақстанда әскерге шақырылғандардың 20%-дан астамы жарамсыз болып шыққан
2 жыл бұрын 818

Қарулы күштер қатарына шақырылғандардың 20 пайыздан астамы әскерге жарамсыз.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiнде Қорғаныс министрлiгiнiң Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясы әскери қызметшілерді сараптау және әскери жоғары оқу орындарын жасақтау бөлімшесінің бастығы полковник Нұржан Артықов мәлiм еттi.

"Егер былтырғы мәлiметтерге қарасақ, әскерге шақырылғандардың 120 мыңнан астамы медициналық комиссиядан өттi. Олардың 77 пайызы мерзiмдi әскери қызметтi атқаруға жарамды деп танылды. 8 пайызы бейбiт уақыттары әскери қызметке жарамды. 15 пайызында терапевтикалық бағыттағы аурулар анықталған, оларға тексерiлуге және емделуге уақыт берiледi. 13 пайызында хирургиялық ем-домды қажет ететiн дерттер табылды, олардың iшiнде варикоцеле, несеп жолдары аурулары. Сонымен қатар, тiрек-қозғалу жүйелерiнiң аурулары, майтабан, сколиоз бар", - дейдi ол.

 

Отан алдындағы борышын өтегісі келмейтіндер 3 жылға сотталады

Әскерден қашқандар жаңа заңмен жазаланады! Енді отан алдындағы борышын өтегісі келмейтіндер 3 жылға сотталады немесе 2 миллионға жуық айыппұл төлейді. Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі КТК телеарнасына сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Мұндай қатал талап 2 ай бұрын жаңадан қабылданған қылмыстық кодекске енгізіліп отыр. Жаза 1-ші сәуірде басталатын көктемгі шақыртуға келмегендерге қолданылуы мүмкін.

Ал биыл ел бойынша, 12 мың жігіт әскерге шақыртылмақ. Оның 4 мыңы қарулы күштер сапына, қалғаны бұрынғы ішкі әскер қазіргі "Ұлан" гвардиясы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты Шекара қызметіне жіберіледі.

Десе де, болашақ сарбаздар алдымен медициналық тексеріс пен психологиялық тесттен өтуі керек. Барлық сыннан сүрінбей өткендер ғана отан алдындағы борышын өтеуге аттанбақ.

Қазір жер-жердегі әскери бөлімдерде тіркеуде тұрған 18 бен 27 жас аралығындағы жігіттерге шақырту қағаздары жөнелтілуде.

0 пікір
Мұрағат