Қазақстанда ақылы жолдармен жүру құны қанша болатыны айтылды
Қазақстанда ақылы жолдармен жүру құны қанша болатыны айтылды
7 жыл бұрын 3313 tengrinews.kz

ҚР инвестициялар мен даму вице-министрі Қазақстанда ақылы жолдармен жүру құны қанша болатынын айтты.

"2013 жылдан бері бізде тек Астана - Щучинск жолы ғана ақылы, оның ұзындығы 217 шақырым. Онда жеңіл көлік үшін шақырымына 1 теңге құн белгіленген. Өзге ақылы жолдарда бұл бағаны көтермейміз. Бұл айтарлықтай арзан және көлік иелері үшін ауыр болмайды деп ойлаймын. Жолды қалыпта ұстау барлық нормативтер бойынша жүреді. Біздің көлік саласы қызметкерлерінің зерттеуі бойынша сапалы жолмен жүргенде жанармай да үнемделеді. Ал жанармай бағасы әлдеқайда қымбат", - дейді Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихаты кезінде Роман Скляр.

Ол 2020 жылға дейін республикалық маңызы бар жолдардың 6 000 шақырым бөлігі ақылы болатынын еске салды. Осы арқылы жылына 30 миллиард теңге жиналады деп жоспарланып отыр. 

2017 жылы Астана - Теміртау және Алматы - Қапшағай жолдары ақылы болып, оның қаржысы бюджетке түседі. Алматы - Қорғас тас жолынан алынатын ақы Әлем банкінің қарызын өтеуге жұмсалады. Ақылы жол жүйесі қараша айынан бастап тесттік режимде іске қосылады. 

"Нұрлы жол" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2017 жылы 4,4 мың шақырым жолға жөндеу жүргізіліп, жұмысқа 100 мың адам тартылады деп жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін 600 шақырым жол пайдалануға беріледі. Бюджет қаржысына жалпы ұзақтығы 1 мың шақырым жолды қамтитын сегіз жоба іске асырылатын болады. 

0 пікір
Мұрағат