Қазақстанда 2020 жылғы демалыс күндері ауысты. Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады?
Қазақстанда 2020 жылғы демалыс күндері ауысты. Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады?
7 күн бұрын 213

Қазақстан Үкіметі 2020 жылдың қаңтар мен мамыр айындағы мереке күндерін ауыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілді: - 2020 жылдың 5 қаңтары жексенбіден 2020 жылғы 3 қаңтар жұмаға; - 2020 жылдың 11 мамыры дүйсенбіден 2020 жылдың 8 мамыры жұмаға; - 2020 жылдың 20 желтоқсаны жексенбіден 2020 жылғы 18 желтоқсан жұмаға ауыстырылсын, - делінген Қаулы мәтінінде.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады?

Қазақстандықтар желтоқсанда 12 күн демалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 1 желтоқсан Қазақстанның Тұңғыш Президентінің күні биыл жексенбіге түсіп тұр, сондықтан ол күн 2 желтоқсанға ауыстырылады. Ал Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар 16 және 17 желтоқсанда демалады.

 

0 пікір
Мұрағат