Қазақстан теңізге шығу мүмкіндігіне ие болады
Қазақстан теңізге шығу мүмкіндігіне ие болады
10 жыл бұрын 3917

Сыртқы нарықты игеру үшін өз елімізде де, шетелде де терминалды қызмет көрсету саласын дамыту керек. Ол үшін көлік-логистикалық қызмет көрсететін агенттік желіні дамыту қажет. Сонымен қатар, теңізге тікелей шығуға мүмкіндігі бар елдерде терминалдардың құрылысын қолға алудың стратегиялық маңызы зор. Бұл жайында Today.kz ақпарат көзі хабар таратты. Бұл арада, нақтырақ айтқанда, тауарды оңтүстік Азия елдеріне жеткізуге, сондай-ақ, одан ары асыруға қолайлы Қытайдағы Лянь юнь ган айлағындағы терминалды инфрақұрылым жайында сөз болып отыр. Аталмыш айлақ арқылы Кореяның Пусан және Жапонияның Осака айлақтарына тауар жеткізу мүмкіндігі бар. Осы мақсатта Қытай мен Қазақстанның халықаралық Лянь юнь ган логистикалық компаниясы құрылады.

0 пікір
Мұрағат