Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларын бекіту туралы
8 жыл бұрын 2645 inform.kz

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің бұйрығымен Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидалары бекітілді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің бұйрығы

2015 жылғы 30 маусым №544 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларын бекіту туралы

«Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 80-тармақшасына сəйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тəртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарында жəне «Əділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің интернет- ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мəліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Т. ДҮЙСЕНОВА

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы №544 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидалары (бұдан əрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 80-тармақшасына (бұдан əрі - Кодекс) сəйкес əзірленді жəне Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелде емделуге жіберу тəртібін айқындайды.

2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелдік медициналық ұйымдарға емделуге жіберу тəртібін реттейді.

3. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелдік медициналық ұйымдарға емделуге жіберуді Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті орган (бұдан əрі - Уəкілетті орган) бюджет қаражаты есебінен:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сəйкес Қазақстан Республикасының азаматтары бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін аурулардың тізбесіне сəйкес;

2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сəйкес бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесіне сəйкес жүзеге асырады.

4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелдік медициналық ұйымдарға емделуге жіберу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан əрі - Комиссия) - уəкілетті орган жанындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелдік медициналық ұйымдарға Денсаулық туралы кодекстің 7-бабының 80-тармақшасының негізінде айқындалған тəртіппен жіберу жөніндегі консультациялық-кеңестік орган;

2) жұмыс органы - Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мəселелері бойынша Денсаулық туралы кодекстің 7-бабының 80) тармақшасына сəйкес уəкілетті органмен айқындайтын консультациялық орган;

3) денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті орган (бұдан əрі - уəкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық жəне фармацевтикалық ғылым, медициналық жəне фармацевтикалық білім беру, дəрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 4) денсаулық сақтау басқармасы - облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органы.

2. Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу тəртібі

5. Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жібері мəселесін денсаулық сақтау басқармасы Комиссияның қарауына мынадай құжаттарды енгізеді:

1) денсаулық сақтау басқармасының пациентті шетелдік медициналық ұйымдарға емделуге жіберу туралы қолдаухаты;

2) пациентттің жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесі;

3) жұмыс органының пациентті бюджет қаражаты есебінен дəлелді медицинаның негізінде осы пациентті емдеудің жоғары технологиялық əдісі неғұрлым тиімді жүргізілетін шетелдік медициналық ұйымдарға емделуге жіберудің орындылығы туралы қорытындысы (бұдан əрі - қорытынды).

6. Қорытындыны алу үшін денсаулық сақтау басқармасы жұмыс органына республикалық медициналық ұйым ұсынған, жүргізілген барлық зерттеулердің, консультациялардың, емдеудің нəтижелерін жəне пациентті шетелдік медициналық ұйымдарда емдеу қажеттілігі туралы қорытындыны қамтитын ауру тарихынан егжей-тегжейлі үзіндінің көшірмесін жібереді. Емдеуші дəрігер қол қойған жəне бірінші басшы (оны алмастыратын тұлға) растаған əрі мөр соғылған ауру тарихынан үзінді жұмыс органына жіберілгенге дейін бір айдан кешіктірілмей берілуі тиіс.

 7. Денсаулық сақтау басқармасы пациенттің медициналық құжаттарын жұмыс органына қолма-қол немесе интернет-байланысы арқылы оларды тіркеген сəттен бастап 3 жұмыс күні ішінде жеткізеді.

8. Жұмыс органы қорытындыны ұсынуы үшін:

1) денсаулық сақтау басқармасы ұсынған пациенттің медициналық құжаттарын қарайды;

2) Уəкілетті органның штаттан тыс бас мамандарын тартады;

3) Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарының жағдайында жүргізілген барлық зерттеулерді ұсына отырып, пациентті шетелге емделуге жіберу мəніне шетелдік медициналық ұйымдармен міндетті түрде алдын ала телемедициналық консультациялар өткізеді. Қажет болған кезде шетелдік медициналық ұйым телемедициналық консультацияны пациенттің қатысуымен өткізеді;

4) шетелдік медициналық ұйым пациентті емдеу туралы келіскен жəне растаған кезде емдеу бағдарламасы мен оны көрсетуге арналған шығыстар калькуляциясын сұратады;

5) ұсынылған емдеу бағдарламасына сəйкес шетелдік медициналық ұйымның келісімі бойынша жұмыс орга- ны немесе Қазақстан Республикасының өзге бейінді медициналық ұйымдардың жағдайында қосымша тексеруді, мамандардың консультациясын өткізеді, ал оларды өткізу мүмкін болмағанда оларды шетелдік медициналық ұйымдарда өткізуге келіседі;

6) өткізілген телеконсультацияның, баға саясатының маркетингтік зерттеулер нəтижелерінің жəне емдеуді жүргізу талаптарының негізінде шетелдік медициналық ұйымды іріктеуді жүргізеді жəне кемінде 2 шетелдік медициналық ұйымда емдеу құнының талдауы бар осы Қағидаларға 3-қосымшаға сəйкес нысан бойынша қорытынды береді.

7) шетелге емделуге жіберілетін пациенттердің аурулары туралы деректер базасын құрады;

8) шетелдік медициналық ұйымдарға емделуге жіберілген пациенттерді емдеу нəтижелеріне мониторинг жүргізеді;

9) пациентті шетелдік медициналық ұйымдарға емделуге жіберудің орындылығын анықтайтын отандық медициналық ұйымдарда қолданылмайтын диагностикалау мен емдеудің жоғары технологиялық əдістерінің ба- засын қалыптастырады;

10) уəкілетті органға жартыжылдықта 1 рет Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік медициналық ұйымдарда емделуі бойынша келесі есепті айдың 15-күніне талдамалық ақпаратты ұсынады. Қорытындыны науқасты емдеуге жатқызуға немесе қосымша зертханалық-диагностикалық зерттеулерді жүргізуге көрсетілімдері болмаған жағдайда жұмыс органы денсаулық сақтау басқармасына құжаттар келіп түскен күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде жəне пациентке Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында қосымша тексеру немесе емдеу жүргізілген жағдайда 20 күннің ішінде ұсынады.

9. Пациентті шетелдік медициналық ұйымдарда емделуге жіберу (жіберуден бас тарту) туралы шешімді Комиссия осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың негізінде, олар Уəкілетті органға түскен күнінен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылдайды.

10. Шетелдік медициналық ұйымды таңдауды Комиссия осы шетелдік медициналық ұйымда медициналық көмек көрсетудің сапасын, күту ұзақтығын жəне баға саясатын есепке ала отырып, жұмыс органы берген ұсынымдарды ескере отырып жүзеге асырады.

11. Комиссияның пациентті кезектілік немесе басым тəртіппен шетелдік медициналық ұйымдарда емделуге жіберу (жіберуден бас тарту) туралы шешімі Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. Басым тəртіппен балалар, жүкті əйелдер, пациенттер аурудың бір бейіні бөлігіндегі қалыптасқан кезектілікке сəйкес туыстық донор болған жағдайда ағзаларды, тіндерді транспланттау жүргізуді қажет ететін пациенттер, сондай-ақ денсаулық жағдайы өміріне қауіп төндіретін пациентер жіберіледі.

12. Комиссияның пациентті шетелдік медициналық ұйымдарға емделуге жіберу (жіберуден бас тарту) туралы шешімі 5 жұмыс күнінің ішінде жазбаша нысанда пациентке (оның заңды өкіліне) жіберіледі. Комиссия пациентті шетелдік медициналық ұйымдарға емделуге жіберуден бас тарту туралы шешім қабыл- даған жағдайда Уəкілетті орган 5 жұмыс күнінің ішінде пациентке (оның заңды өкіліне) Қазақстан Респуб- ликасының заңнамасына сəйкес республиканың аумағында медициналық көмек көрсету туралы ұсыным береді.

13. Балалар, сондай-ақ бөгде күтімді қажет ететін адамдар шетелдік медициналық ұйымдарға жол жүру шығыстарын бюджет қаражаты есебінен Уəкілетті орган төлейтін алып жүретін адаммен жіберіледі.

14. Уəкілетті орган жұмыс органның ұсынымдарын ескере отырып, Комиссия шешімінің негізінде шетелдік меди- циналық ұйыммен Қазақстан Республикасының азаматтарына медициналық қызмет көрсету туралы шарт жасасады.

15. Уəкілетті орган пациенттердің емдеу жəне жол жүру шығыстарын төлеуді жүргізеді.

16. Шетелдік клиникаларға емделуге өз бетінше шыққан пациенттердің материалдарын Комиссия қарамайды жəне шығыстары төлеуге жатпайды.

17. Шарт емдеу əдістеріне жəне ұзақтығына қарай ұзақ мерзімді сипатқа ие болуы жəне емдеуге кезең-кезеңімен ақы төлеуді көздеуі мүмкін. Кезең-кезеңімен емдеу пациентті шетелдік медициналық ұйымға ағзаларды (ағзалардың бөлігін) жəне (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) транспланттауға жіберген жағдайда көзделеді. Бұл ретте емдеудің бірінші кезеңі шетелдік медициналық ұйымда донорды таңдау, сондай-ақ тікелей донорды іздестіру үшін пациентті қажетті зерттеулер жүргізуді көздейді. Шетелде ағзалар жəне (немесе) тіндерді транспланттау кезегінде тұрған пациенттерге HLA - типтеу жүргізу қажет болған жағдайда оларға донор іздеуді жалғастыру үшін, Комиссияның шешімі бойынша, уəкілетті орган айқындаған медициналық ұйым тоқсан сайын ағзалар (ағзалардың бөлігін) жəне (немесе) тіндердің (тіннің бөлігін) транспланттауын қажет ететін пациенттердің қан сарысуын алып, шетелдік медициналық ұйымға бюджет қаражатының есебінен жеткізеді. Донорды таңдаған жағдайда пациент емдеудің екінші кезеңіне - ағзалар (ағзалардың бөлігін) мен тіндерді (тіннің бөлігін) транспланттауға жіберіледі. Пациенттің бірінші жəне екінші кезеңдегі, сондай-ақ, алып жүретін адамның жол жүруіне ақы төлеуді Комиссияның шешімі бойынша уəкілетті орган жүзеге асырады. Ағзалар (ағзалардың бөлігін) мен тіндерді (тіннің бөлігін) транспланттау кезінде емдеудің əрбір кезеңіне Уəкілетті орган шетелдік медициналық ұйыммен жеке шарт жасасады.

18. Уəкілетті орган шетелдік медициналық ұйымға пациентті шетелде емдеу бойынша шарттың жалпы сомасы- нан 70%-ға дейінгі мөлшерде аванс төлейді. Ұзақ мерзімді емдеу кезінде уəкілетті орган атқарылған жұмыстардың аралық актілері бойынша шетелдік клиникаға ай сайынғы төлемді жүргізеді. Түпкілікті төлем шетелдік медициналық ұйым атқарылған жұмыстардың қорытынды актісін ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады. 

0 пікір
Мұрағат