Қазақстан Непалға гуманитарлық көмек жібермек
|
Синхуа агенттігінің хабарлауынша, Непалдағы жер сілкінісінен құрбан болғандардың саны 7056 адамға жеткен.
Непал Ішкі істер министрлігінің 3 мамырдағы мәліметіне қарағанда, жер сілкінісінде қаза болғандардың саны 7056 адамға жеткен. 14 123 адам жараланған.
Непалда 7.9 балдық жер сілкінісі 25 сәуірде таңертең болды. Артынша бірнеше рет қайталанған жер дүмпулері Непал тұрғындарын орны толмас қайғылы жағдайға алып келді.
Қазақстан жақында Непалда орын алған қайғылы жағдайға байланысты көңіл айта отырып, гуманитарлық көмек жіберуге әзірленіп жатыр, деп хабарлады Tengrinews. Бұл жайында ҚР Сыртқы Істер министрлігінің арнайы өкілі Алтай Абибуллаев мәлім етті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Тәуліктің ең қауіпті сағаты түнде екені анықталды
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Сейсмикалық қауіпті қалада жер қозғалса «қозғалмайтын» зәулім ғимарат бой көтерді (фото)
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Түркия алғаш рет қарт тұрғындары көп елдер санатына енді