Қазақстан мен Израиль су ресурсы бойынша ынтымақтастық меморандумын бекітті
|
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау және су ресурсы министрі Нұрлан Қаппаров пен Израилдің «Мекорот» деп аталатын ұлттық су компаниясының бас директоры Шимон Бен-Хамо су ресурсын басқару саласында ынтымақтасу жөніндегі меморандумға қолдарын қойды.
Аталмыш құжатта еліміздегі су ресурсына қатысты алдыңғы қатарлы жобаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға «Мекорот» компаниясы қолұшын созатын болады. Яғни, ұйымдастыру жағынан көмектесіп, кеңес беріп, технологиялық қолдау көрсетеді. Су шаруашылығының төңірегінде жүрген еліміздің мамандары израилдіктермен ақпарат алмасып, тәжірибесімен бөліседі. Бұл бағытта арнайы курстар, семинарлар, конференциялар, т.б. шаралар өткізіледі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Тәуліктің ең қауіпті сағаты түнде екені анықталды
■
Сейсмикалық қауіпті қалада жер қозғалса «қозғалмайтын» зәулім ғимарат бой көтерді (фото)
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Түркия алғаш рет қарт тұрғындары көп елдер санатына енді