Қазақстан еңбек жағдайы ең нашар елдердің ондығына кірді
Қазақстан еңбек жағдайы ең нашар елдердің ондығына кірді
6 жыл бұрын 3623 7kun.kz

Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының жұмысшыларға арналған жаһандық құқықтар рейтингінде Қазақстан ең нашар елдердің ондығына кірді, деп хабарлайды LS.

Жалпы ұйым 142 мемлекетті қарастырған. Қазақстанмен бірге ондықта Алжир, Бангладеш, Камбоджа, Колумбия, Мысыр, Гватемала, Филиппиндер, Сауд Арабиясы және Түркия бар.

«Қазақстанда жұмысшылардың құқықтары өте әлсіз қорғалған. Қазақстан кәсіподақтар туралы заңды халықаралық стандарттарға әлі бейімдеп түрлендірген жоқ», – делінген зерттеуде.

Беларуссия мен Украинада да аталған құқықтарды қорғау деңгейі төмен. Ресей қызметкерлердің құқықтарын жиі бұзатын елдер тобына кірді.

Ал, еңбек жағдайы ең жақсы елдер қатарында Австрия, Бельгия, Дания, Финляндия, Германия, Исландия, Ирландия, Италия, Нидерланды, Норвегия, Словакия, Швеция және Уругвай бар.

0 пікір
Мұрағат