Қазақстан Эбола вирусына қарсы қаржы бөлді
Қазақстан Эбола вирусына қарсы қаржы бөлді
2 жыл бұрын 653

Қазақстан билігі Эбола вирусымен күресу жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының қорына қаржы аударды.

Бұл жайында «Қазақстан жаңалықтары» ақпарат агенттігі еліміздің ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. БҰҰ-ның бұл арнайы қоры осы мақсатта әр елден ерікті түрде аударылған қаржыны Африканың батысында індет ошағының пайда болуымен байланысты проблемаларды шешуге жұмсайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша үстіміздегі жылдың қараша айының бас кезінен қолға алынатын індет ошағын жою іс-шараларына шамамен 1 млрд доллар қажет көрінеді. Еліміз бұл мақсатта қанша аудырғаны айтылмаған.

0 пікір