Қазақстан алтын қоры бойынша әлемде нешінші орында
Қазақстан алтын қоры бойынша әлемде нешінші орында
6 жыл бұрын 12972 7kun.kz

Алтын бойынша бүкіл әлемдік кеңестің мәлімдеуінше, Қазақстандағы бағалы металлдың қоры 291,9 тоннаны құрайды деп хабарлайды Lsm.kz. 

2016 жылы Ұлттық банктегі алтынның көлемі 258,1 тоннаны көрсеткен болса, 2014 жылы бұл көрсеткіш 191,8 тоннаны құрайтын еді. 2017 жылыдың 1 желтоқсанындағы есеп бойынша, Қазақстан 100 мемлекеттің ішінде 18-орынға көтерілді. Алтын қоры бойынша АҚШ 8133,5 тоннамен әлемде бірінші орында тұр.

Бұған дейін Қазақстан 58 ай көлемінде бағалы металл көлемін арттыру бойынша жұмыс атқарып келеді. Сондай-ақ, Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Қазақстан алтын қоры бойынша ТОП-15 қатарына кіруді көздейтінін айтқан еді. 

0 пікір
Мұрағат