Қазақстан 2018 жылдан бастап исламдық құнды қағаздар шығарады
Қазақстан 2018 жылдан бастап исламдық құнды қағаздар шығарады
7 жыл бұрын 2681 naryk.kz

Қазіргі таңда Қазақстанныңжалпы құны 300 млн долларлық өзіндік мемлекеттік исламдық құнды қағаздарын (сукук) шығару туралы мәселе қаралып жатыр.

Бұл туралы Президенттік қатысуымен өтіп жатқан инвесторлар кеңесінде инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты. Оның пікірінше, “Астана” халықаралық қаржы орталығы исламдық қаржы мен “жасыл” қаржының өңірлік хабына айналуы керек. Осы бағыттағы жұмыстар Еуропа Қайта Құру және Даму банкімен бірлесіп жүргізіліп жатыр.

“Қазіргі таңда Қазақстанныңжалпы құны 300 млн долларлық өзіндік мемлекеттік исламдық құнды қағаздарын (сукук) шығару туралы мәселе қаралып жатыр”, – деді Қасымбек.

Министрдің мәліметінше, Астана қаржы орталығының стратегиялық әріптестері белгіленген.

Айта кетейік, Шанхай Қор биржасы Астана қаржы орталығының 25 пайыз акциясын алып, ең үлкен акционеріне айналғаны хабарланған еді. Ал америкалық NASDAQ әзірге тек биржаға қатысушы ретінде кіру мәселесін қарауда.

Қасымбектің айтуынша, биыл жыл соңына қарай “Самұрық-Қазынаның” активтері IPO арқылы Астана қаржы орталығында сатыла бастауы тиіс.

0 пікір
Мұрағат