Қазақстан 2017 жылы қай елдерге астық-ет экспорттайды?
Қазақстан 2017 жылы қай елдерге астық-ет экспорттайды?
7 жыл бұрын 2902

Ауыл шаруашылығы министрлігі 2017 жылы отандық ет пен астықтың қандай мемлекеттерге экспортталатынын жария етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз 2021 жылға дейін сиыр еті көлемін арттыра отырып, келесі жылы ЕАЭО елдеріне — 30 мың тонна, Қытайға — 40 мың тонна іріқара етін бағыттамақпыз. Астық сынды сұранысы жоғары тауарларды ЕАЭО елдеріне — 479 мың тонна, ТМД мемлекеттеріне — 2,5 млн. тонна, Қытайға — 1 миллион тонна, Ауғанстанға — 86 мың тонна, Иранға — 900 мың тонна және өзге де елдерге — 370 мың тонна экспортталады деп күтілуде», – деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брефингте Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева.

Бұның алдында xабарлағанымыздай, Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттау орталығы құрылады. Орталықтың міндетіне ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді сервистік және қаржылық қолдау мен оларға арналған экспорттық арналар енетін болады. Орталық сатып алушыларды іздеу, өнімді жеткізу бойынша сауда желілерімен келісімшарт жасаумен айналысады. Бұдан басқа, орталық экспорттық арналар ашу мақсатында тауарлар топтамасын қалыптастыру үшін өнімді сатып алуды жүзеге асыруы мүмкін. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама аясында экспорттау орталығы саудалық қаржыландыру, экспорттық келісімшарттарды сақтандыру, ілгерілету мен логистикаға арналған экспорттық гранттарды ұсынатын болады.

0 пікір
Мұрағат