Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс жасайтын фабрика ашылды (фото)
|
«M.Style Kazakhstan» кәсіпорнында мүмкіндігі шектеулі жандар - 9 мүгедек жұмыс жасауда. «Қазақстанда жасалған» маркасымен спорттық киімдерді жаппай шығару жоспарлануда, бірақ әзірге аталмыш тігін цехы арнайы киімдерді өндіруде. Тапсырыстар артса, жұмыс орындар саны да ұлғаяды. «Біздің міндетіміз - мүгедектердің өмірден өз орындарын табуларына көмектесу. Олар тек мемлекеттің жәрдемақысына мұқтаж емес. Олар да оқып үйреніп, жұмыс жасап, қоғамға өз үлестерін қосқылары келеді. Алайда, қазіргі таңда еліміздегі еңбекке жарамды мүгедектердің тек 13%-ы жұмыс жасайды», - деп түсіндірді жас кәсіпкер Данияр Ауписимов. Ол басқа да компаниялармен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсететін қоғамдық қайырымдылық қорын құрды. Сатылымнан түскен қаржының бір бөлігін науқас балаларға беруді жоспарлауда.