Қайтыс болғандарды жерлеу тәртібі өзгертілді
Қайтыс болғандарды жерлеу тәртібі өзгертілді
4 жыл бұрын 2436 Құралай Құдайберген

Енді COVID-19-ға анықтама талап етілмейді. Бұл туралы inbusines.kz ақпарат көзі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөз сөйлеген Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға сілтеме жасай отырып мәлім етті. 

«Қазіргі кездегі жерлеу тәртібіне өзгерістер енгізілді. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып кез келген зиратта жерлеу рұқсат етілген», – деді министр. 

Бұған дейін қазақстандықтар әлеуметтік желіде жаппай коронавирустық инфекцияның бар-жоғы жөнінде анықтама үшін жақындарын жерлей алмай отырғанын жазған.  Нәтижесінде олар сараптама қорытындысы шыққанша қайтыс болған адамның мәйітін бірнеше күн қатарынан үйлерінде сақтауға мәжбүр еді. Бұл қоғамда үлкен дау тудырды.  

0 пікір
Мұрағат