Президент терроризмді ислам дінімен байланыстыру қисынсыз екенін айтты
Президент терроризмді ислам дінімен байланыстыру қисынсыз екенін айтты
9 жыл бұрын 2741 nur.kz

Терроризмді ислам дінімен байланыстыру еш қисынсыз. Бүгін еліміздің жетекші телеарналар журналистеріне берген сұхбатында президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

"Ислам" дегеннің өзі араб тілінен аударғанда бейбітшілік деген сөзді білдіреді, сондықтан да ислам терроризмі деген қисынсыз. Терроризмде ұлт та, дін де жоқ. Мәселен, "ИГИЛ" аталып жүргенді қараңыз. Олардың арасында еуропалықтар, соның ішінде ағылшында да, француздар да жүр. 300 француз сол ұйымға енген. Орталық Азиядан да, Түркиядан да, басқа жақтан барғандар да онда бар. Оларда ұлт та, дін де жоқ. Бұнда қандай да бір принциппен біріккен, ақша үшін жұмыс істейтін адамдар бар", - дей келе елбасы бүгінгі күні бүкіл әлем қауіп тудырып отырған терроризмге қарсы жұмылғанын атап өтті.

"Мен исламға терроризмді телуді еш қолдамаймын. Ал біздің ішімізде айтылатын әңгіме ислам негізінің дұрыс түсінігіне бағытталуы тиіс. Ол үшін сауатты уағыздар болуы керек. Мешіттер салынып жатыр, мешітке баратын адамдар да көп. "Бір адамды өлтірсең, адамзатты өлтіргенмен бірдейсің" деген Құранда сөз бар. Ал ендеше дінге телінетін қандай терроризм бұл? Сондықтан да, жалпы терроризм дегеннің өзін адамзатқа қарсы шыққан жау ретінде көруге тиіспіз, бұдан жастарымыз алыс болуы керек. Қазір қаражаты, жағдайы жоқ, жұмыссыз, ауру-сырқау адамдарға ақша беріп, кейбіреуінің отбасымен сол жаққа апарады, әйелдері қайтамын десе оларды жібермейді. Осы тұрғыдан халыққа, соның ішінде жастарға айтарым, олар осындай жаман пиғылдан, болашағы бұлыңғыр пиғылдан аулақ болуы керек", - деді елбасы.

0 пікір
Мұрағат