Порталымыздың белсенді блогерлері анықталды!
Порталымыздың белсенді блогерлері анықталды!
9 жыл бұрын 4729

Құрметті порталымыздың сүйікті оқырмандары! Осыдан екі ай бұрын порталымыздың жанынан арнайы блогтұғырдың іске қосылғанын хабарлаған болатынбыз. Ашылғанына көп уақыт өте қоймаған осынау блогтұрымызға  оқырмандарымыз көкейлерінде жүрген ойларын жариялап, өздеріне мәлім болған қызықты жайттармен, мәліметтермен бөлісіп отырды. Блогтұғырда жарияланған басқа жазбаларға да өз бағасын беріп, пікірлерін білдірді. Осылайша блогтұғырымыздың көрігін қыздырып отырған оқырмандарымызға алғысымыз шексіз. Солардың ішіндегі тұрақты әрі белсенді деген блог қолданушыларды ерекше атап кеткенді жөн көрдік. Блогтұғыр ашылғанда қызықты мәліметтерімен бөлісіп, жиі көзге түскен белсенді қатысушыларға арнайы сыйлығымыздың бар екендігінен өздеріңізді құлағдар еткен болатынбыз.

Блогтұғырдағы жазбалардың оқылуы, пікірлердің білдірілуі, әлеуметтік желілерде бөлісу тұрғысынан автоматты түрде анықталған ондық құрамындағылар:

Абдусамат Қасым

Ерболат Айтбайұлы

Нұрқанат Байзақ

Сұлтан Жұмабекұлы

Бөгенбай Зиялы

Нұрлы Жан

Ермек Есқожа

Аманкелді Қуанышұлы

Хусамуддин

Құралай Сұлтанбекқызы

Сондай-ақ, марапатқа лайықты тағы бір топ авторлар бар. Олар тұрақты түрде қаламынан туған қызықты жазбаларын салып, жиі пікір білдіріп, белсенділік танытты. Көпке үлгі көрсетіп, келесі жазбаларын оқырмандар асыға күтетін қолданушылардың қатарынан табылды. Олар:

Мақпал Сембай

Роман Бұрқаш

Марфуға Шапиян

Алма Түсіпбекова

Мирас Кесебаев

Жаннұр Көкебаева

Нағашыбай Қабылбек

Амалхан Төлебек

Салтан Сайранұлы

Сонымен қатар, тұрақты әрі жиі пікір білдіріп тұратын Бағила Кеңесқызы мен Айшынар Шөмішбай атты оқырмандардың есімін ерекше атар едік.

Аты аталған барлық белсенді блогерлерге діни бес кітаптан тұратын кітаптар жинағы сыйға тартылады. Сыйлықтарыңызды портал редакциясына islamkz2013@gmail.com почтасы арқылы хабарласып, алып кетулеріңізге болады.

Осы уақытқа дейін анықталған ең белсенді қатысушылардың легі осындай. Бұдан былайғы уақытта да сіздің де жақсылықтың жаршысы болуға толықтай мүмкіндігіңіз бар.

Осы аталған және өзге де біздің сүйікті оқырмандарымызға зор алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта да белсенді блог қолданушыларға, соның ішінде ең көп пікір білдіргендерге дайындаған арнайы сыйлығымыздың бар екендігін жеткізгіміз келеді!

6 пікір
  • Ма ша Алла! Блогтарыңыздың оқырмандары әрі қарай көбее берсін! Блоггерлерден қызықты материалдар күтеміз.
    9 жыл бұрын
  • Құтты болсын! Біз де ілініппіз ғой белсенділерге. Басқаларды құттықтаймын! Жақсылықтың жаршысы болайық! Портал ұжымына мың алғыс!
    9 жыл бұрын
  • Бәрекелді! Белсенділік таныту арқылы еткен еңбектеріңіз қоғамға өз үлесін тигізіп жатыр деп есептеймін! Сыйлықтарыңыз құтты, еңбектеріңіз жемісті болсын!
    9 жыл бұрын
  • Менің де атым жүр ғой)))) қуаныштымын.
    9 жыл бұрын
  • Ма ша Алла! Қандай жағымды тосынсый!!! Алла разы болсын Сіздерге!!! Белсенділерді құттықтаймын! Жазар көбейсін!
    9 жыл бұрын
  • Anar
    ma sha Allah, kandai keremet! belsendilikteriniz artyp, bilimderiniz tolysa bersin! Alla berekesin bersin!
    9 жыл бұрын
Мұрағат