Полицейлер пара талап еткен жағдайда не істеу керек
Полицейлер пара талап еткен жағдайда не істеу керек
6 жыл бұрын 4434

Әрбір жүргізуші сыбайлас жемқорлықпен кездесіп қалуы әбден мүмкін. Егер сізден пара талап етсе не істеу керек? Заңгердің кеңестері - Tengrinews.kz материалында.

Заңгер Максим Мостовичтің ойынша, бұл жағдайда заң бойынша тек екі жағдайды қолдануға болады. Бірінші жағдайда заңгер пара беруден бас тартуға өз өкілеттігін заңға сәйкес қатаң түрде орындауды талап етуге кеңес береді.

"Мысалға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы рәсімдеу. Келіспеушілік туындап жатса, оны хаттамада көрсетіп, оған өзі түсіндірмелеріңізді жеке парақта көрсету. Хаттамада сіздің ойыңыз жеке парақта көрсетілгенін атап кетіңіз", - дейді сарапшы.

Заңгер сол хаттамада сот ісін жүргізуіңізді талап ете алатыңызды айтады. Себебі, заң бойынша әр адам өзінің құқықтары мен бостандығын сот арқылы қорғауға құқылы.

"Барлық құжатты жазғаннан кейін, егер мүмкін болса хаттаманың көшірмесін және барлық құжатты суретке түсіріп алыңыз. Кейін сіздің құжатыңызды қарастыратынын күтіңіз де, өз құқығыңызды сол жерде қорғай аласыз", - дейді Максим Мостович. 

Заңгер атап өткендей, бұл әдістің артықшылықтарының бірі, бірден жемқорлық жүйесі жойылып, барлығы заңды түрде жұмыс істейтін болады.

Дегенмен, бұл әдістің кемшілігі - мұндай қызметкерге тиісті жаза қолданбайды. Егер сіз, азаматтық әрі  жемқорлыққа қарсы ұстанымыңызды аяғына дейін жеткізетін болсаңыз, заңгер сізге басқа жолды ұсынады.

"Сіз пара беремін деп, қызметкерлердің сеніміне кіріп алуыңыз керек. Бірақ, сіз туыстарымнан я болмаса достарымнан қарызға ақша алуым керек деп бастауыңыз керек", - деп кеңес берді заңгер.

"Хабарламалар ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 нөмірі арқылы қабылданады. Осы нөмір арқылы не және қалай істеу керек деген сұрақтарыңызға жауап ала аласыз", - деді Максим Мостович.

Егер қоңырау қандай да бір себеппен қажетті нәтижелерді бермесе, заңгер сізді өзіңіздің орналасқан жеріңіздегі прокуратураға баруға кеңес береді немесе ҚР Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөлімшесінің күзет қызметіне бара аласыз.

"Сіздің дабылыңызға ешқандай шара болмай жатса, болған жайтты видео я суртке дәлел ретінде түсіріп алуға болады. Одан кейін БАҚ өкілдеріне тапсырып, қолыңыздағы ақпаратты құқық қорғау органдарының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған порталға жібереді", - деді маман.

Бұл жерде ол видео түсіргенде оның сапасы мен заңды бұзғандардың физикалық түрі анық көрініп тұруы керек. Бірақ, ондай сапалы видеоны түсіру тіпті жемқорлыққа қарсы күресушілердің қолынан келмейді екен.

"Пара берген адамның түрі нақты көрініп тұруы қажет. Қалай ол ақшаны алып жатқаны, қанша сомада ақша беріп жатқаны нақты көрініп тұруы керек. Оған қоса, аударым фактісіне күмән туған жағдайда, ол күдіктілердің пайдасына түсіндірілуі мүмкін", - дейді заңгер.

Максим Мостович Қылмыстық кодексте қылмыстық құқықбұзушылықты немесе қылмыстарды әдейі жалған түрде айыптауды немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресетін органды сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы білетін жалған ақпарат туралы хабардар етуді қылмыстық деп санайтын бірнеше бап бар екенін ұмытпауымыз керектігін ескертті.

"Сондықтан мен мұндай сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараны кәсіпқой күрескерлердің ескертуінсіз өз бетімен өткізуді ұсынбаймын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге шақырылған құқық қорғау органдарының қызметкерлері тергеу іс-шараларының аса күрделілігіне байланысты қылмыстық іс бойынша фактіні дәлелдей алмайды", - дейді заңгер.

"Процесті созып, көбірек ақша алу". Асанов соттасуға ниетті қазақстандықтарға кеңес берді

Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов соттасуға ниетті қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоғарғы сот төрағасы қазақстандықтарға сот істеріне адвокаттарды жалдаған кезде олардың кәсіпқойлығы мен біліктілігіне көбірек назар аударуға шақырды.

"Азаматтарға және бизнес өкілдеріне айтамын. Соттасуға ниетті адамдарға айтатыным. Сіздер заңгерлерді жалдайсыздар. Өкінішке қарай, қазір нашар жұмыс істейтін адвокаттар өте көп. Өз ісін жетік білмегендерінен бе немесе пайдакүнемдіктен бе. Олар сіздің атыңыздан ұзақ-ұзақ өтініштер жазады. Сізді де, сотты да шатастырады. Олардың мақсаты - процесті барынша созу, осылайша көп ақша табу. Оларға сіздікі дұрыс па, бұрыс па, істі сіз жеңесіз бе немесе ұтыласыз ба - маңызды емес. Ең бастысы мұнда - процесті созу, сол кезде сіз оларға тағы ақша төлейсіздер. Ондай алаяқтардан абай болыңыздар, алданып қалмаңыздар", - деді Жақып Асанов Жоғарғы соттың кеңейтілген отырысы барысында.

Сондай-ақ, Асанов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Жоғарғы сотта сот жүйесін модернизациялауға қатысты өзгертулердің талқыланып жатқанын айтып өтті.

0 пікір
Мұрағат