Піскен нанның арасынан темекі тұқылы шықты
Піскен нанның арасынан темекі тұқылы шықты
2 жыл бұрын 803

Алматы қаласында жас жігіт супермаркеттен сатып алған нанның ішінен темекі тұқылын тауып алды. Бұл жайында 31 телеарна хабар таратты. Тұтынушы супермаркет қызметкерлеріне шағымданады. Олар нанмен жабдықтаушыларға сілтейді. Нан пісіретін наубайхана әкімшілігі тұтынушыдан кешірім сұрап құтылыпты. Тұтынушының құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестік президенті Артық Сейтқалиеваның айтуынша, тұтынушы сотқа жүгініп, өтемақы талап ете алады. Алайда, нақты дәлел болуы үшін нанды сатып алғанын айғақтайтын фиксальды чекті сақтап қоюы керек. Әдетте сатып алушылар бұған мән бере бермейді. Сатушылар да чекті беруді көбінесе ұмытып кететін көрінеді. Сарапшылардың сөзіне қарағанда, осындай мәселемен сотқа түскен шағымдардың 90 пайызы сотта ұтып шығады. Алайда, айыпкер жақтан өндіріліп алынатын өтемақының мөлшері өзгеріп отыруы мүмкін. Осылай еткенде ғана тауар өндірушілердің жауапкершілігін арттыруға болады.

0 пікір
Мұрағат