Ораза айт мерекесінің бағдарламасы
Ораза айт мерекесінің бағдарламасы
10 жыл бұрын 4745

Қасиетті айдың қуанышын сүйіншілейтін Ораза айт күндері елорда мешіттерінде түрлі шаралар ұйымдастырылмақ.

2014 жылдың 28-шілде күні сағат 06:00-06:30 аралығында қасиетті Құран аяттары оқылып, 06:30-07:00 аралығында Ораза айтына арналған мерекелік уағыз айтылып, айт намазының оқылу ерекшелігі баяндалады. Сағат 07:00-де мерекелік Ораза айт намазы оқылады.

Елордалық мұсылмандарға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында сағат  10:00-ден бастап, бас шаһардағы «Нұр Астана», «Әзірет Сұлтан» және «С.Ғылмани» мешіттерінің аулаларына киіз үйлер тігіліп, мерекелік дастархан жайылады. Сондай-ақ, қазақи дәстүрімізге сай ұлттық спорттық ойындардан жарыстар өткізіліп, терме-жырлар жырланып, мәдени іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда. Барша елордалық мұсылмандарды мерекелік айт намазына қатысып, мәдени шараларды тамашалауға шақырамыз.

0 пікір
Мұрағат