Орамалы үшін 2-сынып оқушысын сабаққа кіргізбей тастады
Орамалы үшін 2-сынып оқушысын сабаққа кіргізбей тастады
2 жыл бұрын 2564 Айша Ескермес

Бірнеше отандық ақпарат көздерінің хабарлауынша, Арыс қаласында шариғат шәлісін жамылған оқушының ата-анасы мен мектеп әкімшілігі арасында текетірес туындады.

Екінші сыныпта оқитын Айша Ескерместің ата-анасы мектеп қыз баланың діни ережелерді ұстануына кедергі келтіріп отыр деп есептейді. Мектеп әкімшілігі оқушыға сабаққа орамал тағып келуге тыйым салған.

"Біз ислам дінін ұстанамыз, Құран Кәрімнің "Нұр" сүресінің 31-аятында "барлық әйел орамал тағып, ұзын көйлек киген" деп жазылған. Біз де әуретті жауып жүруді дұрыс санаймыз", - дейді оқушы қыздың әкесі Русланбек Әбілов.

Мектеп басшылығы Айшаның ата-анасын білім мекемесінің жарғысын бұзды деп кінәлайды. Әкімшілік мектепте оқушылардың орамал тағып жүруіне рұқсат бере алмайды.

"17 қаңтар күні ата-ана мектепке қызын басына орамал таққызып әкелді. Ата-ананы шақырып, заңда оқушылар мектептің ішкі тәртібін сақтауы керек екені айтылғанын түсіндірдік. Мектепке оқушылардың орамал тағып келуіне болмайды. Ата-аналар жиналысын өткіздік, олардың 99 пайызы мектеп әкімшілігін қолдады. Тіпті, оқушыны басқа мектепке ауыстыруды сұрады", - деді Арыс қаласындағы №376 мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Талғат Ахметов.

Қалалық білім бөлімінің өкілдері мектепте орамалға немесе хиджабқа нақты тыйым салынбағанын айтты. Дегенмен бұл дауда педагогтардың ұстанымын дұрыс деп есептейді.

"Бұл мектептің қыс кезіндегі формасы - ақ алжапқыш, көк немесе қара түсті киім. Басқа бант тағуға болады, ал орамалға рұқсат етілмейді", - дейді білім бөлімінің әдіскері Береке Тасқымбаев.

Айша Ескерместен мектепке орамал тағып келмеуді талап еткен мұғалімдерді жергілікті мешіттің өкілдері де қолдап отыр.

"Егер мекеме хиджабқа қарсы болса, мектепке бармай қалуға немесе олармен соттасуға болмайды. Елдегі ережелер мен заңдарды ұстану діни сенімге қайшы келмейді. Қыз бала білім мекемесінде талап етілген киімді киюі керек, ал көшеде, басқа жерде өзінің хиджабын кие берсін", - дейді Оңтүстік Қазақстан облысы бас имамының көмекшісі Өркен Сапарқұлов.

Ал Айшаның әкесі қызының мектепте жалаңбас жүруіне үзілді-кесілді қарсы. Ол діни сенім бостандығын алға тартып, прокуратураға шағым түсірген. Құқық қорғау органдарына шағымдануға мұғалімдер де әзірленіп жатыр.

8 пікір
  • Ассаламуалейкум! Русланбек бауырымызға Аллаһтың жәрдемі болсын! Айша қарындасымызға Аллаһ екі дүниенің бақытын берсін. Мектеп ережесін мемлекеттік заңнан қалайша артық қояды бұл педагогтар. Аллаһ оларға қателіктерін түсуін нәсіп етсін.
    2 жыл бұрын
  • Mektepke kisksa koylekpen barudin aldin nege almaydi Birinshi. Sabakka sonin zardabi mol emespe?
    2 жыл бұрын
  • Анкау халыкка арамза молда! Мектеп мугалимдерине орамалдын зианы жогын тусиндирудин орнына, урген итке косыла шапкан баладай, имамнын турин...!
    2 жыл бұрын
  • Ассаламу алейкум, Біздерге (қарапайым намазхандар) қарағанда имамның сөзі халыққа өтімдірек екені мәлім, Сол мұғалімдерге басу айтып екі жаққа да болатындай укімін айтудың орнына өте орынсыз жауап берген екен, Өкінішті!
    Имамдар осындай деп жатырса бізді (қарапайым намазхандарды) діни білімі жоқ халық "вахабист" демей не десін.
    2 жыл бұрын
  • Ассалаумағалейкум!
    бұл мәселе де өте сабырлы болуымыз керек деп ойлаймын. Айшаға білім алу керек, өздеріңізге белгілі мектепте дініи киім киюге тиым салынған жаңа заң қабылданды. әрине орамал тағу Алланың үкімі парыз амал бірақ біз әлі сондай қоғамға жете қойған жоқпыз бәрін шариғатпен шешетін. біртіндеп сол күнге жететінде шығармыз Иншалла! сондай ізгі қоғам болсын деп бәрімізде армандаймыз. арманымыз орындалсын десек әрбір қазақ баласы өзіннен бастасын, әлемді өзгерту үшін бізге өзімізді өзгерту керек және бірлік береке керек!
    2 жыл бұрын
  • Саламатсыздарма! Бip орамал ушin каншама дау болып жатыр . Шipkin адамдар бiлсе гой басты жауып журудiн пайдасын онда олай болмас едi гой. Адамнын шашы сырттан ар турлi зиянды энергияны тартады онын барi бастын ауруына ягни денсаулыкка зиянын тигiзедi. Ата бабаларымыз онын iшiнде ер азаматтары болсын кыз балалар болсын басынан такиясын боркiн тастамаган, олар о баста бiлген ен бipinшi денсаулыкка зиян екенiн. Дiнiмiзде оны бекерден мinдет етпейдi! Сондыктан бул маселенi колга алу керек егерде бесiгimiздi тузейiк десек. Мектептерде киетiн арнайы форма улгiсiн жасау керек: улдар мен кыздарга такияны мiндеттi турде форма улгiciне енгiзу керек. Егер буны колга алмасак шаруамыз iлгерi баспайды. Халыкта мынадай соз бар айелдin багы онын басындагы ормалында деп... Сондыктан барiмiз осы маселенi колга алуга ат салысайык!
    2 жыл бұрын
  • Акырзаман деген осы шыгар! 99 пайыз ата-ана колдап отыр дид, сумдык жайт екен! Окинишке орай болсын, жамылудын не екенин билмитин, ислам десе вахаббист дейтин, жаксылыктарын шайтаннын нажисинен болган сусыныз откизе алмайтын казактардын саны кун оте артуда! Алла Таъаланын айткандарына бой усынбай, Жаратушымыздын буйрыктары мен Пайгамбарымыз с.а.у -дын суннетин естен шыгарудын соны..... жаксылыкка апармайды ау! Молдекелердин айтып отырганы анау болса, дин Исламды калай коркейтпекпиз!? Мектеп басшылыгына орамал тагып журген кыздармен емес, кеш курым ауыл шетине шыгып алып жын ойнак кыла тугын окушылармен, мектеп ауласында шашылып жаткан мушекаптар мен арак шолмектеринин иегерлери болган жас буынмен курес жургизгендери алде кайда Отан ушин де, Дин ушин де тиймдирек болары созсиз! Алла карындасымыз бен онын еки дуние бакытын ойлаган акесин, агамызды оз камкорлыгына алсын Ин ша Алла! Окиништи екен.....окиништи
    2 жыл бұрын
  • Dindi jenildetemiz dep wekten shygyp kettikpa dep otyrmyn kyskasy "Aurudy ozimiz tilep aldyk "
    2 жыл бұрын