ОҚО-да алғаш рет трактор шығарылатын болады
ОҚО-да алғаш рет трактор шығарылатын болады
2 жыл бұрын 1058 baq.kz

Алдағы уақытта Оңтүстік Қазақстан облысында трактор шығарылатын болады. Алып зауыттың құрылысы қазан айында басталмақ. Мұнда шаруалардың көп сұранысана ие болған «Киоти» маркалы трактор құрастырылады деп күтілуде. 

Жаңа зауыт Ордабасы ауданына қарасты Бадам ауылында бой көтеруде. Құрылыс алаңында қазір жүзге жуық жұмысшы мен оннан аса техника жұмылдырылған. Зауыттың жалпы көлемі 70 гектар жерді қамтиды.

Бұл бастамаға Оңтүстік Кореяның «Дайдонг» компаниясы қызығушылық білдіріп отыр. Шетелдіктер Шымкент қаласында 7-қараша күні өткен «Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы жаңа инвестициялық мүмкіндіктер» атты халықаралық форумда «Жилстрой Индустрия» мекемесімен меморандум түзді. Зауыттың жұмысын бастамас бұрын компания басшылары «ҚазАгроМаркетинг» компаниясының мамандарымен бірге ауыл шаруашылығында қолданатын техникаға сараптама жүргізген.

Нәтижесінде дихандардың сұранысына жаңадан зауыт дайындап шығаратын «Киоти» тракторы ие болғаны анықталды. Бұл тракторды жақсы игеру үшін Оңтүстік Кореядан 2 данасы әкелінді. Тіпті қазіргі таңда егін жұмыстарында қолданылып жүр.

Жаңа зауыт 2015 жылдың мамыр айында іске қосылады деп күтілуде. Алғашында мұнда 500-ге жуық трактор шығарылса, кейін арнайы техника санын 1500-ге жеткізуді зауыт басышылығы жоспалап отыр.

0 пікір