Ойыншықтардың 40 пайызында зиянды заттар бар
Ойыншықтардың 40 пайызында зиянды заттар бар
7 жыл бұрын 3849 inform.kz

Осы жылдың 9 айындағы балалар ойыншықтарына жүргізілген мониторинг нәтижесі ел нарықтарында сатылатын ойыншықтардың 40 пайызы сапасыз екенін көрсетті. 

«Барлығы 1277 сынама алынды, оның 510-ы нормаға сәйкес келмейді. Сауда орындарын тексеру өнімдердің басым бөлігінде сапа және қауіпсіздік сертификаттары жоқтығын көрсетті. Бұдан басқа, тауарды таңбалауда талаптардың бұзылғандығы анықталды. Ойыншықтар санитарлық-химиялық, токсикологиялық көрсеткіштер бойынша қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді. Барлық қауіпті ойыншықтар айналымнан алынды», - делінген хабарламада.

Ведомствоның деректеріне сүйенсек, сатылатын ойыншықтар мен ойындардың 90 пайызы Қытайдан әкелінеді.

«Ойыншықтар БҚО, СҚО, Қызылорда облысы, Ақтау қаласы және Қазақстанның басқа да ірі қалаларынан тәркіленді», - делінген хабарламада.

Рудныйда Paw Patrol ойыншықтары органолептикалық, физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмейтіні анықталды, иісі басым, құрамында фенол бар.

Қызылордада «Шахмат» және «Шашки/Шахматы/Нарды» үстел ойындарында формальдегид көп мөлшерде екені анықталды. Жамбыл облысында KaiZhi Tidland eden құмсалғышында формальдегид табылды. Барлығы Қытайда шығарылған.

0 пікір
Мұрағат