«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйдің бағасы белгілі болды
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйдің бағасы белгілі болды
7 жыл бұрын 3245

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғызылып жатқан үйлердің бағасы шаршы метріне 140 мыңнан 240 мың теңге аралығында болады, деп хабарлайды BNews.kz. 

Қазақстандағы тұрғын үйдің қазіргі бағалары туралы айта отырып, ҚР ҰЭМ Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов мемлекеттік бағдарламалар бойынша салынып жатқан пәтерлер халықтың әлеуметтік осал топтарына ыңғайланланған бағамен ерекшеленетініне назар аударды.

«Бәйтерек» салып жатқан тұрғын үйлердің бағасы: несиелік тұрғын үй бойынша өңірлерде — бір шаршы метр үшін 140 мың теңге, Астана және Алматы қалаларында — бір шаршы метр үшін 180 мың теңге, коммерциялық тұрғын үй — 240 мың және одан жоғары. Біз мемлекеттік құрылыс бойынша бағалар одан әрі де осы деңгейде болады деп есептейміз. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында да осындай бағалар болады. Құрылыс материалдарының 80-90%-ға жуығы Қазақстанда шығарылады, сондықтан бағалар көтерілмеуі тиіс. Ал, таңдаулы тұрғын үйде басқа жүйе», — деп хабарлады М. Жайымбетов ОКҚ-дегі баспасөз конференциясында.

Бүгінгі таңда Қазақстан құрылысқа берілген рұқсаттардың саны бойынша бір жылға жетпейтін уақыт ішінде 70 тармаққа көтеріліп (2015 жыл қорытындылары бойынша 92-орын), 22-орынға ие болғаны туралы Doing Business дүниежүзілік банк рейтингісі жарияланды.

Қазақстан Doing Business рейтингісінде 6 орынға көтерілген. Өткен жылы біздің еліміз 41-орынға ие болса, ал қазір 35-ші орынға дейін көтерілген. 

0 пікір
Мұрағат