Назарбаев университеті қандастар үшін гранттар ұсынады
Назарбаев университеті қандастар үшін гранттар ұсынады
4 жыл бұрын 2736

"Отандастар қорының" ұйымдастыруымен Назарбаев Университеті меритократия негізінде ұсынатын "Абай Құнанбаев" атындағы грантқа қатысты тікелей эфир өтті. Бұл жайында baq.kz ақпарат көзі хабар таратты. 

Инстаграм парақшасында өткен эфирдің қонағы еліміз бен әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының бірі Назарбаев Университеті Қабылдау департаментiнiң аға менеджерi Лаура Палуанова болды.

Лаура Палуанова «Отандастар қорының» Білім бағытының жауапты қызметкері Нұрымжан Қасымұлы мен қандастардың барлық сұрақтарына жауап беріп, грантқа қатысты бар ақпаратпен таныстырды.

Грантқа қатысты барлық ақпаратты Назарбаев Университетінің Қабылдау бөлімінің мына парақшасынан алуға болады: https://nu.edu.kz/kk/qabyldau

"Абай Құнанбаев" атындағы грантқа қатысты ақпарат: https://nu.edu.kz/…/nazarbaev-universitetindegi-oqudy-qarzh

0 пікір
Мұрағат