Мұғжиза ма әлде кездейсоқтық па?
Мұғжиза ма әлде кездейсоқтық па?
2 жыл бұрын 982

Алматы облысындағы Кәлпе ауылында қозының қос бүйіріндегі арабша жазуды кездейсоқтыққа жатқызсаңыз да, мұғжизаға баласаңыз да өз еркіңізде. Алайда, мына өмірде кездейсоқ ешнәрсе болмайтынын, бәрі бір Алланың қалауымен жүзеге асатынын білетін мұсылмандар үшін мұғжиза санатындағы бұл жайт ешкімді бей-жай қалдырмасы анық. Бұл жайында 31 телеарнасы хабар таратты.

Салауди Шахтиев есімді ауыл тұрғыны қозының бүйіріндегі таңғажайып жазуды төлдеу кезінде бірден байқаған. Жергілікті имамдар араб тілінде бір бүйірінде "Алла", келесі бүйірінде "Мұхаммед" деген жазу жазылғанын растап отыр.

Ал, төл иесі қозыны ешкімге сатпайтынын және соймайтынын айтады.

"Біз бұған қатты таңқалдық. Мұнымен Жаратушы Алла бізге өзінің бар екендігін хабардар етіп тұрған болар. Бірақ, қандай мақсатпен жібергені бір өзіне ғана мәлім. Десе де, мұны біз жақсылыққа жорып отырмыз", - дейді Кәлпе ауылының тұрғыны Салауди Шахтиев.

0 пікір