Министр жерді шетелдіктерге сатуға қатысты мәлімдеме жасады
Министр жерді шетелдіктерге сатуға қатысты мәлімдеме жасады
5 жыл бұрын 1987 7kun.kz Таңшолпан Ғазизқызы

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер шетелдік азаматтарға сатылмайтынын немесе уақытша пайдалануға берілмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің сайты хабарлайды.

«Жер шетелдіктерге сатылмайды және уақытша пайдалануға берілмейді», – деді шенеунік.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайға сапар кезінде мынадай мәлімдеме жасады. «Жер сол жерде жұмыс істейтіндерге тиесілі болуы керек. Екіншіден, жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл менің қағидаттық ұстанымым», — деді Мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың маусым айында шетелдіктерге (жеке және заңды тұлғаларға), азаматтығы жоқ тұлғаларға және жарғылық капиталында шетел азаматтарының үлесі 50%-дан жоғары компанияларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне құқық беруге қатысты бес жылдық мораторий енгізілді.

Осыған қарамастан, қандай да бір аймақта бұл мораторий бұзылады деген қауесет үнемі пайда болады. Мысалы, маусым айында мұндай фактілер Шығыс Қазақстанда тіркелген.

0 пікір
Мұрағат