Мешіт құрылысына 110 000 000 теңгесін садақа етті
Мешіт құрылысына 110 000 000 теңгесін садақа етті
10 жыл бұрын 3500

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Бараш Төлешова Талас Алатауының етегінде орын тепкен Қасқасу елдімекенінде бой көтерген жаңа мешітке өз қалтасынан 110 млн теңгесін садақа етті. Біз сөз етіп отырған жаны жомарт, қолы ашық мәрт азаматтың бұл қомақты садақасы классикалық үлгідегі мұсылмандардың құлшылық үйінің игілігіне жұмсалатын болады. Биіктігі 19 метр мешіттің іші мен тысы халқымыздың дәстүрлі ою-өрнегімен безендірілген. Бір мезгілде 100 адамға дейін құлшылық ете алады.

0 пікір
Мұрағат