Мектепті жаптырмас үшін жаппай бала асырап алып жатыр (фото)
Мектепті жаптырмас үшін жаппай бала асырап алып жатыр (фото)
6 жыл бұрын 2678 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ақиола облысына қарасты Қошқарбай ауылының тұрғындары мептепті жаптырмас үшін жаппай балалар үйінен бала асырап алып жатыр. Осыған байланысты аталмыш ауыл тұрғындары бірден 11 жанға толықты. Кезінде өркен ждайған ауылдың соңғы кезде күйі кетіп, жастардың қарасы азайып, мектеп жасындағы балалардың қатары сиреген еді. Осыған байланысты ауылдағы білім ошағы жабылудың аз-ақ алдында қалған еді. Бұл тығырықтан шығу үшін мектеп директоры бастама көтеріп, бала асырап алуға ауыл тұрғындарын үндеді. Ауыл тұрғындары мектеп директорының бұл бастамасына қолдау білдіріп, нәтижесінде ауыл халқы 11 жанға толықты. "Басында бәрі қобалжыған еді, тәжірибеміз жоқ. Қиын болғанын жасыра алмаймыз. Осы уақытқа ауылымызда ешкім бала асырап алмаған еді. Бәрі біртіндеп өз орнына келді. Балалар да бізге бой үйретті",- деді Қошқарбай ауылының мектеп директоры Айгүл Жақсыбаева. Айта кетейік, балалар ауылдан 200 шақырым шалғай жатқан Ақмола облыстық балалар үйінен асырап алынды. Алты отбасы бала асырап алған. Тағы бір айта кететіні, асырап алғандығы және қамқор болатындығы ресімделген отбасылардың жартысы ғана бала асырап алғандығы үшін жалақы алады. Қамқор болуды ресімдеген ерлі-зайыптыларға тек жәрдемақы беріледі. "Менің төрт балам бар. Күйеуім ұл, ал мен қыз асырап алғым келгендіктен арамызда келіспеушіліктер болды",- деді ағынан ақтарылған Гүлнәр Баймаханова. Олар екі ұл және бір қыз асырап алған отбасы. Қазіргі уақытта мектепте 40 бала білім алып жатыр. Мектептің өзі жабылу қатерінен аман қалды. Бала асырап алғандарға қарап, ойға қалған өзге ауыл тұрғындары да бала асырап алу үшін құжаттарын реттеп жүр. Мұндай жағдай Солтүстік қазақстан облысында да орын алған еді. Искра ауылының тұрғындары мектепті жаптырмас үшін жеті баланы асырап алған болатын. 

 

0 пікір
Мұрағат