Медициналық сақтандыру қорының басшылары жылына 92 млн теңге сыйақы алып отырған
Медициналық сақтандыру қорының басшылары жылына 92 млн теңге сыйақы алып отырған
4 жыл бұрын 2719

Аталмыш қордың жылдық табысы 5 млрд ал шығыны 4 млрд теңге болған. Есесіне атқарушы органның бес мүшесіне жылына 92 млн теңге сыйақы алып отырған.

Liter.kz басылымында «Медициналық сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының 2018 жылғы қаржылық және аудиторлық есептерін жарияланды. Бір қызығы, зерделеу барысында аталмыш қордың жылдық табысы 5 млрд ал шығыны 4 млрд теңге болған. Есесіне атқарушы органның бес мүшесіне жылына 92 млн теңге сыйақы алып отырған. Бұл жайында skifnews.kz ақпарат көзі мәлім етті.  

Олардың әрқайсысы бір миллион теңге көлемінде жалақы алып отырған. Сонымен бірге бір жыл ішінде бес қызметкерге жалпы сомасы 60 миллион теңге төленген. Ал қалған 30 миллион теңге тоқсан сайынғы сыйақылар ретінде берілген.

kznews.kz сайтының жазуынша, Қаржы министрлігінің сайтынан алынған жылдық есептердің қызығы мұнымен бітпейді. ҚР депозиториясының ресми сайтында қордың жалпы табысы желтоқсанның аяғында 5 949 713 000 теңгені құрады, ал жалпы және әкімшілік шығындар 4 423 377 000 теңге (қордың өзіне кірістің үштен екі бөлігі жұмсалады), оның 3 047 663 000 теңгесі тек еңбекақыны төлеуге жұмсалған.

Аталмыш басылымның жазуынша, 2017 жылғы қаржы есебінде қызметкерлерге жалпы сомасы 697 373 000 теңге еңбекақы төленген. Ал бір жылдан кейін бұл көрсеткіш бірнеш есе өсіп шыға келген. 

Осыған байланысты басылым Қор өкілдеріне жалақыдағы мұндай айырмашылыққа не себеп болдыдеген сұрақ қойған. Сонымен қатар, әлеуметтік сақтандыру қорының қызметкерлерінің саны мен қор басшысы Айбатыр Жұмағұлов қанша жалақы алады деген сауал жолданған. Бұл сауалға қор мамандары толық жауап қайтармаған. Тек қордың басқарма төрағасының еңбекақы мөлшері Қордың Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес белгіленетінін айтқан. 

Естеріңізде болса, әлеуметтік желілерде медициналық сақтандыру қоры басшысы Айбатыр Жұмағұловтың жарының жазбасы жарияланған болатын. Онда ол күйеуі Айбатырдың өзіне үнемі көлік сыйлайтынын, әрі бұл көліктердің саны 12-ге жеткенін жазған еді. 

0 пікір
Мұрағат