Мәуліт айындағы жеңілдік (фото, видео)!
Мәуліт айындағы жеңілдік (фото, видео)!
2 жыл бұрын 2082

Егемендіктен кейін азаттықты толық сезінген жұрт өзінің рухани келбетін қайта айшықтауға тырысты. Бүгінгі күні халықтың ата дінімізді тануға, қасиетті мұраларымызды түгендеуге деген ықылас-пейілі жоғары. Жыл өткен сайын мұсылмандық парызын өтеушілер қатары молайып келеді. Бұрынғылар «Мекке менен Мәдина көздің ұшы, Алыс сапар дейді ғой барған кісі» десе, қазіргі халық үшін қасиетті жерлерге бару қол жетімді дүниеге айналғалы қашан. Бүгінгі ұшақтар көзді ашып-жұмғанша айшылық алыс жолдарды бағындыруда. Осы орайда «Атлас туризм» қажылық компаниясы 2010 жылдан бері отандастарымыздың қажылық парызын өтеуіне жәрдемдесіп, елдің ықыласына бөленіп келеді. Аталған компания биылғы Мәуліт мерекесі қарсаңында қажыларға арнайы жеңілдіктер қарастырғанын қуана хабарлайды.  

Адамзаттың ардақты тұлғасы Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.у.) жарық дүниеге аяқ басқан Мәуліт оқиғасы барша мұсылмандар үшін елеулі мереке. Адамгершілік қасиеттерді кемеліне келтіру үшін әлемге ұстаздық міндетін арқалай келген ақырғы елшіге деген үмбетінің де сағынышы мен құрметі айтарлықтай. Осы орайда қасиетті мерекенің көркіне көрік қосып, «Атлас туризм» қажылық компаниясы осы айда қажыларға билет бағасын арнайы жеңілдікпен ұсынуда. Қапы қалмаңыздар! Жеңілдетілген бағамен қасиетті парызды өтеп қайтыңыздар!

Құрметпен «Атлас туризм» қажылық компаниясы 

www.atlastourism.kz

 

0 пікір